Шығыс Қазақстанда су тасқынының қаупі күшейді
Шығыс Қазақстанда су тасқынының қаупі күшейді
5,102
оқылды

Шығыс Қазақстан облы­сында қар еріп, су деңгейі көтеріле бастады. Бұл туралы облыстық ақпараттық орта­лығы базасында аймақтық ТЖД бастығының орынбасары Қанат Әбділов хабарлады.

Қанат Әбділовтың айтуынша, облыс аумағында қар еріп жатыр. Аймақтың 33 пайыз аумағын қар басқан. Риддер қаласында, Қатон­қарағай, Бородулиха аудан­дарында қар жамылғысының биік­тігі 50 см-ден аспайды, тек Алтай ау­данында – 71 см. Өзендердің ашылуы және су деңгейінің көте­рілуі байқалып жатыр деседі. Су шекті деңгейден асып кеткен жоқ. Оның сөзінше, ШҚО Төтенше жағ­­­дайлар департаменті 8 рет аэро­визуалды тексеру жүргізді. Облыс су тасқынына дайындық жоғары деңгейде, жедел штабтар құрылған. Су тасқынына қарсы іс-шаралар­дың облыстық жоспары іске асы­рылуда, қар шығару, автомобиль және темір жолдардағы су өткізу құрылыстарын, көпірлерді, арық­тар мен арналарды тазарту бойын­ша жұмыстар жүргізілуде. Шұғыл шығындарға және төтенше жағдай­ларды жоюға қаражат көзделген. 2 412 бірлік техника, 379 мотопомпа мен 106 эвакопункт дайындыққа келтірілді. ШҚО Төтенше жағдайлар де­партаментінің өкілі Елдос Чике­новтің мәліметінше, зардап шеккен халықты қабыл­даудың барлық пунктіне тексеру жүр­гізілген. Уақытша паналауға, та­мақ­тануға жағдайлар жасалған, санитарлық-тұрмыстық жағдайлар жасалып, ыстық тамақпен қамта­масыз етуге, эвакуациялық іс-ша­раларды өткізу үшін көлікті тартуға ниет-шарттар жасалған. Облыс әкімінің тап­сырмасы бойынша су тасқыны болуы ықтимал 4 ауданда (Алтай, Глу­бокое, Катонқарағай, Бес­қарағай) қосымша резерв құ­рылған. Онда су айдау құрыл­ғыларының санын 2 есеге және адам ресурстарын 50 пайызға ұл­ғайту көзделген. «Семей қаласындағы Ертіс, Бұқтырма, Уба, Күршім өзен­деріндегі, Алтай ауданындағы, Күршім, Бородулиха, Шемонаиха, Катонқарағай аудандарындағы барлық 19 кептеліс қаупі бар учаскеде жалпы алаңы 180 мың шаршы метрден астам профи­лактикалық жарылыс жұмыстары жүргізілді, 9,5 тоннадан астам жа­рылғыш зат пайдаланылды», – деп атап өтті ШҚО ТЖД басты­ғының орынбасары Қанат Әб­ділов.

А.ЕРСҰЛТАН