Онлайн форматтағы кезекті қабылдау
Онлайн форматтағы кезекті қабылдау

«Nur  Otan»  партиясы  Жамбыл облыстық филиа­лының төрағасы, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев онлайн форматта азамат­тарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. 

Қоғамдық қабылдауға об­лыс әкімдігінің бірқатар бас­қар­масының басшылары қатысты. Сондай-ақ жиында көтерілген мәселе бойынша Тараз қаласы мен аудан әкімдері және олардың орынбасарлары да бейнебайланысқа шығып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тұрғындар ауыл мектебіне жер­гілікті азаматтың есімін беру, баспанамен қамтамасыз ету, су қоймалары мен ағын су жүйе­леріне иелік ету, жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару және басқа да  мәселелер бо­йын­ша сауалдарына жауап алды. Т.Рысқұлов ауданының тұр­ғыны Мұрат Рысменбетовтің сауалына жауап берген өңір бас­шысы Жаңатұрмыс ауылын және төрт көрші елді мекенді орталықтандырылған ауызсу­мен жабдықтау бойынша  жоба­лық-сметалық құжаттама­лар дайын екенін жеткізді. Тек бюд­жеттік өтінім мақұлданып, қаржы қаралса, тіршілік нәрін тарту жұмыстары уақыт оздыр­май қолға алынатыны айтылды. Қоғамдық қабылдау кезінде көтерілген мәселені шешуді, олар­ға тиісті мекемелер тара­пынан заң аясында түсіндіру жұ­мыстарын жүргізуді ұйым­дас­­тыру облыс әкімі аппара­тының бақылауында болады.

А.ЖАСАНҰЛЫ