Халықтың әлеуметтік әл-ауқаты бақылауда
Халықтың әлеуметтік әл-ауқаты бақылауда
188
оқылды

«Nur Otan» партиясының Пар­ламент Мәжілісіндегі фракциясы Қазақстан халқының әлеуметтік әл-ахуалының пандемия жағ­да­йын­да төмендеп кетпеуін жіті бақылап отырады. Осы тұрғыда, ресми дерек­тер бойынша Қазақ­стан­да күн­көріс деңгейі төмен аза­маттар саны 1 млн 065 мың адам­нан асқа­нын көрсетеді. Өткен жылмен салыстырғанда кедейлік деңгейі 21%-ға өсіп отыр. Халық­тың ке­дей­лігі  ұлттық қауіпсіздікке тіке­лей кері әсер ететін басты мә­селе еке­ні белгілі.

«Nur Otan» партиясы «әлеуметтік мұқтаж адамдар мәселесін эконо­микалық тұрғыда шешу маңызды» деп есептейді. Бұл мәселені шешудің оң­тайлы әдісі – әл-ауқаты төмен азамат­тарды микронесиемен қамтамасыз ете отырып, адамдардың бизнес сауатын арттыру. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Үкіметке берген тапсыр­масында микронесие мәселесіне баса назар аударды. «Nur Otan» партиясының Парламент Мәжілісіндегі фракциясы «бұл күрделі мәселені Үкімет оңтайлы шешуі қажет деп есептейді, қалай шешеді?» деген сұрақ туады. «Еңбек» бағдарламасының не­сиелендіру бағыты бойынша 2020 жылы ауыл тұрғындарына 43,3 млрд теңгеге 11 294 жуық несие берілді. Осы бағдар­ла­­ма аясындағы биылғы жылдың бюд­жеті 20 млрд теңгені құрап отыр. Яғни, биыл шағын несие алушылар саны 5 200-ге азаяды. Бұл құптарлық іс емес. Пан­демия кезінде Ұлттық экономика және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің кері пози­ция­сы бізге түсініксіз. Дегенмен микро­не­сие­дегі басты мәселе – кепілзат мә­селесі. Бұл мәселені несиеге кепілдік беру механизмін енгізу арқылы нақты ше­шетін уақыт жетті. Биыл «Атамекен» және жергілікті әкімдіктердің қатысуы­мен шағын несие ұйымдарын ашу жоспарланып отыр. Ниет дұрыс, бірақ өзінің тиімділігін көрсете білген, оң­тайлы жұмыс істеп тұрған, 10 жыл ша­ғын несие беру тәжірибесі бар ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры не себепті жабылмақ? Мемлекет, қарапайым халық мүд­десі тұрғысынан қорды сақтау қажет. Өйткені өздері қиналып отырған ауыл­дағы ұсақ шаруалар мен зәру адамдар қаржы көзінен қағылу қаупі басым. Ауылда микробизнесті дамытудың басты аспектісі – тұтыну және қызмет көрсету кооперативін құру. Халықара­лық тәжірибеде бұл кооперативтер өнімді өңдеу, өткізуге көмектесу, ве­теринария, мал азығын дайындау, озық білім таратумен айналысады. Осындай кооперативтерді, әсіресе шалғай елді мекендерде құру өте өзекті. Шалғай елді мекендерге арзан­датылған микронесие жеткізудің де инфрақұрылымын жасау маңызды. Банкілер мен микронесие ұйымдары қала жанындағы елді мекендерді ғана қамтиды. Алыстағы ауыл арзан несиеге зәру, жеткізетін амал жоқтың қасы. Бұл жөнінде Президент Қ.Тоқаев «бірнеше аймақтарда «егістіктен сөреге дейін» кооперациялық тізбек» жасау жөнінде Үкіметке нақты тапсырма берген. Осы бастама бойынша 2 млн ауыл тұрғынының кірісін өсіру қарас­тырылған. Бүгінде бұл тапсырма фор­мальді орындалды, қаржы көзі зәру адамдарға жетпеді деген пікір бар. Ауылшаруашылық министрлігі осы бастама бойынша қанша зәру адамға нақты көмек көрсетілді деген есеп бергені абзал! Бізге әрбір адамның тағдыры қымбат! Сондықтан партия фракциясы осы мәселені болашақта өзінің бақылауында ұстайтын болады.

Ерлан САИРОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясының мүшесі