«Тараз» топ бастады
«Тараз» топ бастады
246
оқылды

Футболдан ел біріншілігінің ІV туры аясында төрт ойын өтті. Алдымен «Тараз» өз алаңында қарағанды­лық «Шахтер» командасын қа­был­дады.

Алаң иелері қарсыластар қақпасына жауапсыз төрт гол соқты. Стандартты жағдайды оңтайлы пайдаланған  Фейт Фрайдер Обилор ойынның 29, 44-ми­нутында мергендігімен көзге түсті. Ал кез­десудің екінші кезеңінде «Тараз»  са­пы­нан Педро Эужениу көзге түссе, ойын аяқ­талар тұста Ненад Адамовичтың қан­жы­ғасы майланды. Осылайша, тараз­дықтар 4:0 есебімен жеңіске жетті. Осы жеңісінен кейін «Тараз» турнир кестесінде он ұпаймен көш бастады.  Әзірге әулие­аталықтардың еншісінде екі жеңіс, екі тең ойын бар. ІV турдың екінші ойыны Оралда өтті. Жергілікті «Ақжайық» пен Петропавлдың «Қызылжары» өзара кім мықтыны анық­тады. Қонақтар бір доп айырмасымен же­ңіске жетіп, сырт алаңда үш ұпайға ие болды. Ал қызылордалық «Қайсар» өз алаңында «Каспийді» 2:1 есебімен жеңді. Алматы қаласындағы «Жас қыран» стадионында «Ақтөбе» мен Шымкенттің «Ордабасы» командалары шеберлік байқасты. Бұл ойында барлығы 8 гол соғылды. Тартысты ойын 4:4 есебімен аяқталды.  

Әбілмансұр ЖАСАН