Пара алды деп айыпталған Жоғарғы соттың судьясы қамауға алынды
Пара алды деп айыпталған Жоғарғы соттың судьясы қамауға алынды
129
оқылды

Ірі көлемде пара алып жатқанда ұсталған Қазақстан Жоғарғы сотының судьясы 2 айға қамауға алынды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының тергеу соты мәлімдеді.

2021 жылы 11 ақпанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік бөлімінің бірлескен іс-шарасының нәтижесінде Жоғарғы соттың судьясы Ж. ұсталған.

«2021 жылғы 9 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты судьяға қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», - делінген елорданың тергеу сотының хабарламасында.

Жоғарғы соттың мәліметінше, Түркістан облысы аудандық сотының судьясын бір соттан екінші сотқа ауыстыру бойынша Жоғарғы сот кеңесінде атқарған жұмысы кезінде көрсеткен көмегі үшін ақша берілген.