Елордалық полицейлер өтіп бара жатқан адамнан есірткі тапты
Елордалық полицейлер өтіп бара жатқан адамнан есірткі тапты
210
оқылды

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің патрульдік полиция полкінің қызметкерлері патрульдеу кезінде Кравцов көшесінің бойында қоршауға сүйеніп, тізерлеп отырған ер адамды көріп қалады. Сол сәтте патрульдік автокөліктің келе жатқанын байқаған азамат қашпақ болады.

Тексеріс барысында жігіттің қалтасынан оқшаулағыш таспамен мықтап оралған түйіншек түскен. Сонымен қатар рюкзагының қалтасынан тағы түйіншектелген заттар болған. Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген зат голландтық марихуана екен. Салмағы - 17, 68 грамм. 

Қазір 19 жастағы қала тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.