Алтай Көлгінов елорданы велосипедпен аралап шықты
Алтай Көлгінов елорданы велосипедпен аралап шықты
218
оқылды

Елорда әкімі Алтай Көлгінов қаланы велосипедпен аралап шығып, абаттандыру жұмыстарының қарқынын тексерді.

«Қаланы санитарлық тазалаумен қатар, саябақтар, алаңдар, бульварлар сынды қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жұмыстарының қарқынын арттыруды тапсырдым. Қоғамдық кеңістіктерді салып, кеңейту жеткіліксіз, оларға тиісті күтім жасау қажет. Көктемнің басталуымен оларды ретке келтіру керек: қардан тазартып, құрғақ бұтақтарды кесіп, шағын сәулет нысандарын ретке келтіру қажет және тағы басқасы.

Сонымен қатар тұрғындардың өтініші бойынша өткен жылы ашылған «Көктал» (Сарыарқа ауданы) елді мекеніндегі саябаққа және Ботаникалық баққа (Есіл ауданы) бардым», - деп жазды А.Көлгінов.

Астана басшысы қаланы аралап шыққан соң аудан әкімдеріне бірқатар тапсырма жүктеді. Бұдан былай, әкімдер жұмыс күнінің басында және аяғында өзіне қарасты ауданды аралап шығатын болады. Сондай-ақ халықпен кері байланыс күшейтіледі.