Үздік шахматшы интернеттің нашарлығынан халықаралық турнирге қатысуын тоқтатты
Үздік шахматшы интернеттің нашарлығынан халықаралық турнирге қатысуын тоқтатты
307
оқылды

Қазақстандық гроссмейстер Динара Сәдуақасова интернеттің нашар ұстауынан Polar Challenge халықаралық турниріне қатысуын тоқтатты. Бұл жайында шахматшы Facebook парақшасында жазды.

«Қымбатты достар, интернеттің тұрақсыздығынан Polgar Challenge турниріне қатысуды тоқтатуға мәжбүр болдым. Негізі, турнирге шахмат жағынан да, техникалық тұрғыдан да дайын едім. Тіпті,  ойнаған барлық жеті партияда интернетпен қайта-қайта проблемалар шығып, байланыс үзіле берді. Жетінші турдың соңғы партиясында уақыт бойынша, тас саны жағынан да  басым едім. Бірақ, тұрақсыз байланыстың салдарынан уақытты өткізіп алдым. Әр партияда ойын барысынан бұрын интернеттегі байланыстың үзіле беруін уайымдадым. Үш провайдердің байланысын қолдандым, ештеңе көмектеспеді. Жанкүйерлер мен ұйымдастырушылардан тағы да кешірім сұраймын», - деді Динара Сәдуақасова.