11 сәуір таңертеңгі жағдай бойынша Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды. Қазір елде сегіз өңір "қызыл" аймақта, алты өңір "сары" аймақта тұр.
Бұған дейін "жасыл" аймақтағылар қатарында болған Жамбыл облысы "сары" аймаққа енді.
"қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы және Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары;
"сары" аймақта: Шымкент және Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары,
"жасыл" аймақта - Шығыс Қазақстан, Қостанай және Түркістан облыстары.