71 жастағы әйелді қапқан алабайдың иесі іздестіріліп жатыр – видео
71 жастағы әйелді қапқан алабайдың иесі іздестіріліп жатыр – видео
Нұр-Сұлтанда 71 жастағы әжей мен оның қасына ертіп жүрген күшігіне шабуыл жасаған алабай ит табылды, – деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
"10 сәуірде әлеуметтік желілерде алабайдың әйел мен оның күшігіне шабуыл жасаған  видеосы таралды. Осы факті бойынша Полиция департаментінің бейнебақылау камералары қызметкерлері 11 сәуірде сол түні итті алып кеткен адамды тапты. Алабайды таксист Кирпичный кенті, Жасыл көшесі, 25 мекенжайындағы үйіне алып кеткені анықталды. Қазір алабай аса қауіпті ауруды – құтыру ауруын болдырмау үшін ветеринариялық бақылауға алынды", – делінген хабарламада.
Зардап шеккен әйел медициналық мекемеде профилактикалық егулерден өтіп, оған тиесілі күшік ветеринарлық клиникада емделуде. Полиция департаментінің қызметкерлері алабайдың иесін анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр. https://www.youtube.com/watch?v=sEPM45RrTMs&t=43s&ab_channel=RabigaDyusengulova Видео: tengrinews.kz