Егер марқұмның артында мұра қалып, оны мұрагерлері қабылдаса, кредит бойынша берешек те сол мұрамен бірге өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Kazinform агенттігінің материалына сілтеме жасап.
Заңды негіз бойынша, адам қайтыс болғаннан кейін үйі, көлігі немесе басқа да мүлкімен қатар кейбір міндеттемелері де мұраға қалады. Олардың қатарында несие бойынша берешек те бар. Сондықтан қарыз алушының қайтыс болуы несиені өтеу міндеттемесін автоматты түрде тоқтатпайды.
Дегенмен мұрагер марқұмның барлық қарызын өз қаражаты есебінен өтеуге міндетті емес. Оның жауапкершілігі қабылдаған мұрасының құнымен шектеледі.
– Мұра қалдырушының міндеттемелері мұрагерлерге қабылданған мұраның құны шегінде ауысады. Мұра болмаған немесе мұра қабылданбаған жағдайда қайтыс болған адамның мұрагерлерінде оның қарыздарын төлеуге негіздер болмайды, – деді ол.
Демек, марқұмның несие бойынша берешегі мұраға қалған мүліктің құнынан асып кетсе де, мұрагер одан артық соманы өз қаражатынан төлеуге міндетті емес.
Ал мұра мүлдем болмаса немесе мұрагер одан бас тартса, қайтыс болған адамның кредитін өтеу міндеті мұрагерге жүктелмейді.
