Синоптиктер 12 сәуірде Қазақстанның кейбір өңірлерінде ауа райының нашарлауы мүмкін екенін болжады.
12 сәуірде Түркістан облысында, оның ішінде Шымкент пен Түркістанда найзағай ойнап, шаңды дауыл мен бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына – 23-28 метр.
Маңғыстау облысының кейбір аудандарында бұл күні шаңды дауыл болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жел соғады.
Ақмола облысында түнде және таңертең 12-сінде тұман түседі.
12-13 сәуірде Қарағанды облысының көптеген ауданында тұман болады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді. Жезқазғанда да ауа райы осындай болмақ.