Елордада 10-нан астам мекеме карантин талаптарын бұзғаны үшін жауапқа тартылды
Елордада 10-нан астам мекеме карантин талаптарын бұзғаны үшін жауапқа тартылды
241
оқылды
Карантин режимі бұзылғанын анықтау жөніндегі мобильді топтар күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. Өткен тәуліктің өзінде 10-нан астам мекеме жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Қабанбай батыр даңғылында орналасқан «Alanya» караоке-мейрамханасы келушілерді сағат 22.00-ден кейін де қабылдаған. Мекеме ішінде шамамен 70-100 адам болғаны анықталған. Есіл ауданында мұндай бұзушылықтар «Inforno», «Рыба пила» мейрамханаларында, «Славик, не censored», «Tequila», «Chechil Pub» барларында тіркелген. Байқоңыр ауданында орналасқан «Какие люди» кафесі, «Beer bro» сыра бары, «Шашлыкофф» гриль-бары карантин режимін сақтамағаны анықталған. Жиналған материалдың бәрі әкімшілік шаралар қабылдау және тәртіп бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданған.