Ақтөбе облысында тұрғын үйде жарылыс болды
Ақтөбе облысында тұрғын үйде жарылыс болды
112
оқылды
Хромтау ауданы, Ақжар ауылында жеке үйде жарылыс болып, кіреберіс бөлме құлап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бүгін сағат 16:00-де Хромтау ауданы Ақжар ауылында үйде жарылыс болып, кіреберіс құлап қалды. Шақырту орнына өрт сөндіру бөлімінің бригадасы жіберілді.
«Төтенше оқиға кезінде Хромтау қаласының ауруханасына 7 адам жеткізілді. Оның ішінде үшеуі бала. Зардап шеккендердің жағдайы орташа ауырлықта. Қазіргі уақытта бәрін дәрігерлер өз бақылауына алды», - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.