Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Санкт-Петербордағы Пулково әуежайында қалып қойған 15 жастағы қазақстандық Томирис Айтжанованың жағдайына қатысты түсініктеме берді. Аталған Қазақстан азаматы Стамбұл арқылы Санкт-Петерборға ұшып келген. Туысының айтуынша, ол Ресейге емделуге келген, бірақ тиісті құжаттары болмаған. Сонымен қатар Ресей ФСБ Шекара қызметі хабарлағандай, мемлекеттік қызметтердің бірыңғай порталында Томирис туралы ақпарат болмай шықты.
«ҚР Бас консулдығы барынша көмек көрсетті және ҚР кәмелетке толмаған азаматы РФ аумағына жеке тәртіппен жіберілді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы азаматтарын Ресей Федерациясының Мемлекеттік шекарасынан өту ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырамыз, – деп атап өтті ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.Оның айтуынша, қыз емделуге бармаған.
«Азаматтарымыз шет елдің ережелерін ұстанғысы келмейді, бірақ БАҚ - та шу шығарады және өз мәселелерін шешуге тырысады, – деп түйіндеді ҚР СІМ ресми өкілі.Ол қыздың оқиғаға кінәсі жоқ екенін, Стамбұл арқылы саяхатқа баланы жалғыз жіберген ата-анасына барлық жауапкершілік жүктелгенін атап өтті. "Фонтанка" интернет-басылымы Қазақстаннан келген 15 жастағы қыз Пулководан емделуге жіберілгенін растады. Ол жоспарланған емдеу курсынан өту үшін ағасымен бірге әуежайдан кеткен.