Карантинде кортеж үшін жұмыстан кеткен Жанболат Зиадин жаңа қызметке тағайындалды
Карантинде кортеж үшін жұмыстан кеткен Жанболат Зиадин жаңа қызметке тағайындалды
142
оқылды

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі 2020 жылдың сәуірінде Зиадиннің карантин талабын бұзғаны үшін «жұмыстан шығару» түріндегі тәртіптік жауапқа тартылғанын айтты.

Жанболат Зиадин карантинде Алматы қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы қызметінен босатылған болатын.

«Еңбек кодексінің 65-бабының 3-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметкердің жұмыс бабындағы теріс қылығы үшін бір ғана тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін. Полиция полковнигі Зиадин түрлі басшылық қызметтерде болған. Ішкі істер органдарында 20 жылдан астам тәжірибесі бар. Ол Талғар аудандық полиция басқармасына басшысы лауазымына 2021 жылы 5 ақпанда тағайындалды» делінген департамент хабарламасында.

Полиция оның жаңа қызметі бұрынғы лауазымнан бір саты төмен екенін де атап өтті.

Жанболат Зиадин былтыр карантин кезінде тойға барғаны үшін қызметінен босатылды. Ол қымбат автокөліктер кортежімен жол ережесін бұзды. Карантинде блокпосттан емін-еркін өткені ресми тексеру кезінде анықталды.