Марат Омаров қатысқан той өткен дәмханаға қатысты тексеру басталды
Марат Омаров қатысқан той өткен дәмханаға қатысты тексеру басталды
116
оқылды
Белгілі әнші, композитор Марат Омаров той өткізген шымкенттік дәмханаға қатысты тексеру шаралары басталды. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Полицияның мәліметінше,  дәмхана қожайынына айыппұл салу мәселелері қаралып жатыр.
«Аталған жайт бойынша 12.04.2021 жылы Шымкент қаласы Тәуке хан даңғылы бойындағы Кен баба саябағында орналасқан «КАРАВАН« дәмханасының иесінен түсініктеме алынып, Әл-Фараби ауданы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына құжаттар жолданды»,- делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде әнші Марат Омаровтың шымкенттік дәмханалардың бірінде отбасылық той өткізгені туралы ақпарат тараған болатын. Танымал композитордың қызы Зүлфия Омарованың ұзатылу тойының видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Жұлдызды әулеттің қуанышында Сабина Алтынбекова мен Қайрат Түнтеков те бой көрсеткен.