Сәуірде барша мұсылман үшін қасиетті, берекеге толы, он екі айдың сұлтаны саналатын Рамазан айы басталды. Ораза ұстап, мұсылман парызын орындауға ниет білдірген барша қазақстандықты еліміздің танымал азаматтары құттықтап, естеліктерімен бөлісті.
– Ораза айы баршамызға құтты болсын! Бұл адам баласына берілген үлкен мүмкіндік. Сауапқа ие болған айды жібермей ораза тұтуымыз керек. Болашақта біз де өзге мұсылман мемлекеттер секілді қасиетті Рамазан айын еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін тойлауға Алла Тағала нәсіп етсін!
Өз басым, оразаны қай жылдан бастап ұстағаным есімде жоқ. Есімде қалғаны - 1998 жылдың оразасы. Ол кезде Алматыда жатақханада тұрамын. Содан өзіме қолғап алу үшін базарға шықтым. Қыс кезі. Дала аяз, қар борап тұр. Сол жерде біраз қолғапты киіп көріп, тоңып қалғанымды да сезбей қалыппын. Үйге келген соң, әлсіреп қалғандай болдым. Жантайсам, ес жиярмын деп ойладым. Одан ештеңе шықпады. Пысқырып-түшкіріп, мұрным біте бастады. Тамағым да жыбырлап, күрсілдеп, жөтеле бастадым. Сөйтсем, суықтап қалыппын. Кешкісін Рекеңнің (ред. Рамазан Стамғазиев) үйінде ауыз ашып, Жаңа жылды қарсы алмақ болдық.
Ешқандай себепсіз оразаның бір күнін қаза еткені үшін 60 күн өтеген еді
– Рамазан – әр жылы қайта оралып, мұсылманның өз-өзіне жаңадан тәрбие беруге мүмкіндік беретін, сабырлығы бойынша емтихан тапсыратын ай. Оразаға ниет еткен жамағат таңнан ақшам уақытына дейін сабырлық жасайды. Бұл жөнінде пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.): «Ораза – сабырдың, сабыр болса – иманның жартысы» деген. Сондықтан барша жұртты қасиетті Разаман айымен құттықтаймын!
Негізі, театрда істейтін актерлерге ораза қиындау тиеді. Өйткені спектакль оразаны ашпай тұрып басталады. Ал күні бойы шөлдеп жүргенде спектакльде ауызың құрғап кетед кетеді. Соған қарамастан Алланың арқасында парызымызды өтеп жүрміз. Осыдан екі жыл бұрын бір спектакльге режиссер болдым. Бейбіт Құсанбаев деген актер сонда тасбақаның рөлін сомдады. Қойылымның басында ол сахнада орамжапырақ жеу керек. Дайындық кезінде өтірік орамжапырақ қойып, ойнап жүре бердік.
Содан спектакльдің премьерасы. Бағана айтқанымдай, спектакль ораза ашпай басталған. Ол жерге біз кәдімгі орамжапырақты қойып қойғанбыз. Бір уақытта Бейбіт қолын созып, орамжапырақты ала бергенде аузы берік екені ойына түсіп кетеді. Қоя салайын десе, көрермен жақын жерде отыр. Содан амал жоқ, әлгі орамжапырақты жеді. Бірақ артынан Бейбіт оразаны аяқтаған соң, ешбір себепсіз бір күнімді қаза қылдым деп, тағы 60 күн ораза ұстағаны бар.