Атырауда креативті индустрия орталығы ашылады
Атырауда креативті индустрия орталығы ашылады
385
оқылды

Креативті индустриялар өндірісін өңірлерде де дамытуға мүмкіндік көп. Жетілген білім беру инфрақұрылымы және кәсіпкерлерге қолайлы орта қалыптастыру – ел экономикасына маңызды процестерді қайта бастауға, өңірлерге болашағы зор кәсіби мамандарды тартуға серпін береді.

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде креативті Индустрия Орталығы құрылып жатыр. Бұл - кәсіби сарапшылар қоғамдастығына маңызды мәселелер бойынша пікірталастар өткізетін, идеялар мен шетелдік тәжірибе трансфертіне бастамашылық жасап, жаһандық процестерге талдау, мониторинг жүргізетін және олардың өңірге, жалпы елге әсерін бағамдайтын алаң. – Орталық ақпараттық насихаттау, кәсіби желілер мен қауымдастықтар; ұйымдастырушылық әлеуетті арнайы білім беру және өмір бойы білім алу арқылы нығайту; инкубаторлар мен акселераторлардың жұмысы; кластерлер мен хабтар құру; интернационалдану бағыттарында озық идеяларды іске асырады, – дейді С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ректоры Гүлзада Шакуликова. креатив Университеттің Студенттер сарайына «Маруся Асаубаева атындағы» жеке қордың демеушілігімен күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Жаңа оқу жылында бұл орын соңғы үлгідегі заманауи жетістіктер қолданылатын креатив-хабқа айналады. Университет базасында жұмыс істей алатын және қазақстандық, халықаралық нарыққа өз өнімдерін шығаруға мүмкіндігі бар креативті жастар шақырылады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды жастардың шет елге кету проблемасына ерекше назар аудару керектігін айтқан болатын. Аймақтарда таланттардың тұрақтамауы әлі де бар. Интеллектуалды ұлт адами капиталды дамытумен қалыптасатынын ескерсек, өңірлердегі шығармашыл бастамаларды ілгерілететін жастарға қолдау көрсету керектігі кезек күттірмейтін мәселе.