Науқасқа көмек көрсетті
Науқасқа көмек көрсетті
198
оқылды

«Nur Otan» партиясы Түркістан облысы Ордабасы аудандық филиалына Бадам ауылының тұрғыны Мүсілімбек Батырбек науастанып жүргенін айтып, жергілікті ауруханада пациент қарау, құжаттарды рәсімдеу, порталды ұзақ күтуге мәжбүр болатындықтан, кезексіз дәрігерлерге қаралу үшін көмек сұрады.

«Nur Otan» партиясы Ордабасы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлиасқар Бердімұрат азаматты жеке қабылдап, аудандық орталық ауруханың бас дәрігері Б.Мырзагелдиевке жазбаша түрде азаматтың өтінішін жолдады. Нәтижесінде, Мүсілім Батырбек денсаулығына байланысты аймақтық емханада созылмалы пиелонефрит, жалғыз оң бүйрек диагнозымен «Д» есепте тұратыны анықталды. Науқас дәрігерлік консультативтік комиссия отырысына шақыртылып, комиссия арқылы қаралып, жоспарлы түрде аспаптық, зертханалық тексерулерден өтіп, облыс мамандарының кеңесін алды. Өз кезегінде Мүсілімбек Батырбек өтінішін аяқсыз қалдырмаған «Nur Otan» партиясы Ордабасы аудандық филиалына алғысын білдірді.

А.ЖАСАНҰЛЫ