Антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек қана оңтүстік және оңтүстік-батыста жаңбыр жауып, найзағай болады. Кей жерлерде тұман, жел күшейеді.
Оңтүстік және оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл күтіледі, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.
Жамбыл, Түркістан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Жамбыл облысында тұман болады. Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, түнде Павлодар, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Күндіз Алматы облысының Алакөл аймағында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғуы мүмкін.