Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Ұлттық статистика бюросының дерегі бойынша, 2020 жылы Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі небәрі 0,1 п.т. артып, 4,9% болды.
Еңбек ресурстарын дамыту орталығының сарапшылары басқа елдердегі осы көрсеткішті талдап, Қазақстанда ол әлемдегі ең төмен көрсеткіштердің бірі деген қорытынды жасады.
«Мәселен, АҚШ -та жұмыссыздық деңгейі соңғы жылы 4,4 п.т.-ға 8,1%-ға дейін, Канадада – 9,6% - ға дейін (+3,9 п. т.), Испанияда – 15,5%-ға дейін (+1,4 п.т.) өсті. ТМД-ның басқа елдерін қарастыратын болсақ, оларда жұмыссыздық деңгейінің жылдық «секіруі» байқалатынын атап өтуге болады, мысалы, Арменияда (+4 п.т.), Әзірбайжанда (+2,3 п.т.), Украинада (+1,7 п.т.), Өзбекстанда (+1,6 п.т.)», – деді орталықтың Стратегия және жобалық басқару департаменті директорының орынбасары Әлихан Қарабаев.
Былтыр жұмыссыздар саны 8,2 мың адамға көбейді. Бір жыл ішінде жұмыссыздар санының орта жастағы (35-44 жас) адамдар арасында 103,8 мың адамнан 109,4 мың адамға дейін, сондай-ақ зейнеткерлік жас алдындағы (55-64 жас) адамдар арасында 49,5 мыңнан 54,9 мыңға дейін байқалды. Бұл ретте 29-34 жас аралығындағы жұмыссыздардың саны 4,2 мың адамға қысқарған.
Карантинде көлік, өнер және ойын-сауық, әкімшілік және көмекші қызмет көрсету, тамақтану саласының қызметкерлері жұмыссыз қалған.