Қайыңды көлінде матраста жатқан қыз эколог Сәкен Ділдахметті сотқа беретінін айтты
Қайыңды көлінде матраста жатқан қыз эколог Сәкен Ділдахметті сотқа беретінін айтты
236
оқылды

Алматы облысындағы Қайыңды көлінде түсірілген бейнероликтен туындаған шу әлі тоқтар емес. Қайыңды көлінің ортасында матраста тынығып жатқан Карина Муфтахтинова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы қазақстандықтарға үндеу тастады. Ол осы оқиғаны сынға алған белгілі эколог Сәкен Ділдахметті сотқа беретінін айтты. Бұл туралы YEDILOV ONLINE хабарлады.

«Жаңа ғана Сәкен Ділдахметтің фейсбуктегі парақшасына кіріп, оның Экология министрлігіне жазған өтінішін оқыдым. Онда ол біздің еңбегімізді циркке теңеп, «Brazzers жігіттерін шақырсақ қайтеді?» деп жазыпты. Алайда мен Brazzers секілді пабликтерге кірмеймін. Сөйтсем, бұл порносайт екен. Бұл сөзі арқылы ол менің ар-ожданымды таптады», – деді Карина Муфтахтинова. Видеоүндеу соңында ол Сәкен Ділдахметпен сотта жолығатынын айтты.