«Қара тізімнен» шыққан миллион қазақ қайта несие ала ма?
«Қара тізімнен» шыққан миллион қазақ қайта несие ала ма?
160
оқылды

Бір миллион адамның несие тарихы қалпына келтірілді. Яғни, «қара тізімнен» шығарылды. Енді олар қайтадан несие рәсімдей алады.

Бірінші несие бюросының мәліметінше, банктен қарыз алып, уақытында төлей алмаған 600 мың адамға «оңалтылды» деген статус берілмепті. Өйткені шарт бойынша, борышкер ең әуелі несиесін толық жабуы тиіс. Содан кейін 12 ай бойы басқа да несие бойынша мәселесі болмауы қажет. Ал «оңалтылды» деген мәртебенің бар-жоғын азаматтар egov.kz порталынан не болмаса бірінші кредиттік бюроның сайтынан біле алады. Сонымен қатар халыққа қызмет көрсету орталығы мен Қазпоштаның бөлімшелерінен де анықтай алады. Алайда мамандардың пікірінше, қарыздан құтылғанымен халықтың жағдайын одан өзгермейтінін айтты.

«Өйткені адам өмір сүру дағдысын өзгерткен жоқ. Қара тізімнен шықса да, «Алла амандығын берсе, құтыламыз» деген сылтаумен ертең қайта несие алауы мүмкін.  Пандемияда халық екі топқа жарылды.  Ең бастысы, қатаң шектеулердің кесірінен көбісі жұмыссыз қалып, 80 пайызының күн көрісі төмендесе, тек 20 пайызының тұрмысы қалыпты. Тіпті, олардың шығыны азайып, кірісі еселене түсті. Сондықтан адамдар ең алдымен қаржылық білімін арттыруы керек. Шыны керек, еліміз сол жағынан ақсап тұр», –  дейді экономист Әйгерім Жанабай.