Құзырлы органдар Елтаңбаны қоқысқа лақтырған адамды іздестіріп жатыр. Instagram-да жарияланған видеода Ақтоғай ауданы прокуратурасының тақтайшасы жатқаны көрсетілген. Оның жанында екі Елтаңба жатыр, бірі сынық, ал екіншісі бүтін.
Әлеуметтік желіде видео жарияланған соң оқиғаның мән-жайын анықтауға Павлодар облысының прокуратурасы кірісті.Ақтоғай ауданы әкімдігінің мәліметінше, қоқыс үйіндісі Ақтоғай ауылының орталығынан екі шақырым жерде орналасқан. Ал Павлодар облысының Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы бұдан былай мемлекеттік рәміздерді қоқысқа тастауға жол берілмейтінін айтқан.«Облыстық прокуратура қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр. Сондай-ақ ақпараттың таралу арнасы материалы аясында полиция тексеруді бастады. Мән-жайын анықтап жатырмыз», – деді прокуратура өкілі.
Бұған дейін Мақтааралда су тасқыны кезінде Мемлекеттік Туды тасқын судан алып шыққан сарбаз туралы жазған болатынбыз.