Мақтааралдағы апат: Полицей тасқын суға ағып бара жатқан Мемлекеттік Туды алып шықты – видео
Мақтааралдағы апат: Полицей тасқын суға ағып бара жатқан Мемлекеттік Туды алып шықты – видео
Фото: Түркістан облыстық Полиция департаментінен алынды
251
оқылды
Мақтаарал ауданында суға ағып бара жатқан Қазақстан туын алып шыққан полицей әрекеті желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр. Оқиға су басқан Фердоуси ауылында болған. Жетісай аудандық полиция басқармасының офицері Есімжан Нәдіров судан көк Туды алып шықты. https://www.youtube.com/watch?v=GOc-c4LZNpk Жаңа мектептің алдында Қазақстан туының су ішінде жатқанын көрген Жетісай аудандық полиция басқармасының офицері Есімжан Нәдіров суға түсіп, Туды алып шықты. Осы көріністі жергілікті халық ұялы телефондарына түсіріп, әлеуметтік желіге таратқан.