Қарағандыдағы жасанды көлде балық қырылып жатыр
Қарағандыдағы жасанды көлде балық қырылып жатыр
202
оқылды

Қарағанды тұрғындары орталық саябақтағы көлде балық қырылып жатқанына алаңдаулы. Олар жасанды су қоймасы жағалауында балықтардың шіріген өлігі жатқанын айтып, дабыл қағып жатыр. Куәгерлер көл аумағында түсірілген суреттер мен видеоларды әлеуметтік желіде жариялады.

«Таңертең бәрін өз көзіммен көру үшін саябаққа арнайы бар­дым. Екі көлдің жағасында да өлген балықтардың өлігі жатыр. Мамандығым бойынша био­логпын және ауру балықты сау балықтан ажырата аламын. Су бетінде қалқып жатқан балықтар сау болды. Мүмкін, балықтың қырылуына көлдің таяз және қыста қатып қалуы себеп болған шығар. Балықтар тұншығып қалды. Су бетіндегі мұзда тесіктер жасалмаған сияқты. Бұл – Мә­дениет, демалыс және скверлер басқармасы басшылығы жіберген ағаттық», – деді қарағандылық Денис Денски. Басқа тұрғындар да бұл ша­­ғыммен келіседі. Олар соңғы жылдары саябақтағы көлге ешкім қарамайтынына наразы. Қара­ғандының Мәдениет, демалыс саябақтары және скверлер бас­қармасы өкілдері жағдайға қа­тысты түсінік берді. Депар­таменттегілер саябақтағы көлде бірнеше жағдай ғана тіркелгенін хабарлады. «Онда балықтың қырылу жағдайы тіркелген жоқ. Екі-үш балық өлген. Ондай жағ­дай болып тұрады. Мүмкін, олар балшықта қалып қойғаннан не­месе басқа себептен өлген шығар. Бұл кез келген су қой­масында болады», – деді бас­қарма басты­ғының орынбасары Талғат Смайы­лов. Айта кетейік, бұған дейін мұн­дай жағдай Қарағанды маңын­дағы Узенка ауылында бол­ған еді. Куәгерлер «Ясная сказка» демалыс үйі маңындағы су қоймасында балық қырылып жатқанын видеоға түсіріп алған. Экологтер су сынамаларын алып, оларды зертханаға жібер­ген. Нәтижесі 20 күнде дайын болады.

А.ЕРСҰЛТАН