Қандастарымыз АҚШ-та Наурызды атап өтті
Қандастарымыз АҚШ-та Наурызды атап өтті
234
оқылды

АҚШ-тың Калифорния штаты­ның Лос-Анджелес қаласында қазақтар Наурыз мейрамын тойлады. Мейрамды Америкада ком­мерциялық емес California Qazaq Center қауымдастығы  ұйымдас­тырған. 200-ге жуық қандасымыз ән айтып, ұлттық ойын ойнады.

Мейрамға жиналғандардың арасында танымал қазақстандық кәсіпқой бо­ксшы­лар, өнерпаздар және білім алып жүрген жастар мен ұзақ жылдар бойы сонда тұрып жатқан қазақтар бар. Мерекеге жиналғандардың дені Лос-Анджелес қаласы мен оның маңындағы Сан-Диего, Сан-Франциско сияқты қалалардан келген. Сондай-ақ Нью-Йорктен және Майамиден келгендер де бар. Орталықтың президенті Раушан Мұхтар мен ұйымдастырушылардың бірі Аян Маликов сөз сөйлеп, саябаққа жиналған отандастарын мерекемен құттықтаған. Мадияр Әшкеев бастаған кәсіпқой боксшылар Батыр Жүкенбаев, Мейірім Нұрсұлтанов, Абылайхан Хусаиновтар Наурыз тойын тойлаған ағайынға тілек айтқан. Артынша домбырашылар күй тартып, думандатқан. Арқан тартып, балуан күрес өткізіп, Наурыз көжеден дәм татқан. БАҚ-қа берген сұхбатында мейрамға қатысқан Сандуғаш Сүндетбай Нау­рызды неліктен сәуірде тойла­ғандарын айтқан. Өйткені Америкада наурызда карантин шектеулеріне байланысты саябақтар жабық болған. Топтасып жиналуға рұқсат бермегеннен кейін мейрамды тойлауды кейінге қалдырған. Таяуда рұқсат берілгесін ұлттық мерекені кеш тойлаған.

               Айбике ЖАНАСЫЛ