Жеңілмеген қазақстандық екі боксшының келесі жекпе-жегі қашан?
Жеңілмеген қазақстандық екі боксшының келесі жекпе-жегі қашан?
YouTube
378
оқылды
Екінші орта салмақта жұдырықтасатын Айдос Ербосынұлы (13-0, 9 КО) мен жартылай орта салмақтағы Нұрсұлтан Жаңабаевтың (8-0, 5 КО) келесі жекпе-жегіне арналған жаттығу лагері қашан басталатыны белгілі болды, -– деп хабарлайды Vesti.kz. Боксшылар 10 ақпан Алматыда жаттыға бастайды. Бірінші жаттығу жиынынан кейін қазақстандық кәсіпқойлардың келесі жекпе-жектерінің орны мен уақыты белгілі болады. Айта кетейік, Жаңабаев жарақат салдарынан 21 желтоқсан Красноярда өткен бокс кешіне венесуэлалық Эрнесто Эспаномен (30-2-1, 25 КО) белгіленген жекпе-жекке шыға алмады. Осы шоуда Ербосынұлы өзге венесуэлалық боксшы Омар Гарсияны (15-3, 12 КО) нокаутқа түсірді. Еске салайық, Ербосынұлында екінші деңгейлі WBA Inter-Continental, WBO Global және WBC Asia белбеулері бар. Ал Жаңабаевта аймақтық WBA Inter-Continental мен WBO Oriental титулдары бар. Екі боксшының да ісін Suleimen Promotions компаниясы жүргізеді.