Алик Шпекбаев қызметінен кетті
Алик Шпекбаев қызметінен кетті
261
оқылды

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымынан босатылды» делінген Президент Жарлығында.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып Марат Ахметжанов тағайындалды.