Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жаңа төрағасы Марат Ахметжанов қандай қызметтер атқарған?
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жаңа төрағасы Марат Ахметжанов қандай қызметтер атқарған?
186
оқылды

Президент Жарлығында: «Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымына тағайындалсын» делінген. Марат Ахметжанов бұған дейін Қазақстан Бас прокурорының орынбасары болды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Марат Мұратұлы Ахметжанов 1964 жылы 22  желтоқсанда Павлодар облысы Баянауылда туған. Заңгер, 3-сыныпты әділет кеңесшісі, генерал-майор. Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. 1991-93 жылы Қарағанды облысы Теміртау қалалық прокуратура органдарында, 1993-97 жылы ҚР Бас прокуратурасында, 1997-98 жылы Қазақстан Мемлекеттік тергеу комитеті, кейін Қазақстан Ішкі істер министрінің әскери-тергеу департаментінде тергеу басқармасының бастығы, 1998-2001 жылы тергеу департаменті директорының орынбасары, Қазақстан Сот қаулыларын орындау жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары, 2001-03 жылы Қазақстан Бас прокуратурасының Алдын ала тергеу мен зерттеудің заңдылығын қадағалау жөніндегі департаментінің бастығы, 2003-06 жылы Павлодар облысының прокуроры қызметтерін атқарды. 2006 жылдан Түркістан облысының прокуроры. Қазақстанда жоғары дәрежелі бірнеше медальмен марапатталған. Ресейдің мемлекеттік «І Петр» және «Адмирал Кузнецов» атындағы медаль иегері.