СҚО полицейлері 2 келіден астам есірткі затын тәркіледі
СҚО полицейлері 2 келіден астам есірткі затын тәркіледі
146
оқылды
СҚО полицейлері аудан орталығының тұрғынынан екі келіден астам есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz. СҚО-да кезекті рет заңсыз айналымнан есірткі алынды. Тайынша ауданының полицейлері ҰҚК СҚО бойынша департаменті қызметкерлерімен бірлескен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аудан орталығының 52 жастағы тұрғынын ұстады. Оның сөмкесінен өсімдік тектес зат салынған пластик қап анықталды. Сараптаманың қорытындысына сәйкес, бұл екі келіден астам кептірілген марихуана есірткінің аса ірі көлеміне жатады. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-б. (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
– Аталған қылмыс түрінің әлеуметтік қаупі жоғары болуына байланысты есірткінің заңсыз айналымына ерекше көңіл бөлінеді, – дейді Тайынша ауданының ПБ бастығы Нұрлыжан Ақтанов.
Жыл басынан ауданда есірткімен заңсыз жұмыс істеудің бес фактісі тіркелді, оның біреуі синтетикалық түрімен байланысты.