«Ел тірегі – Елбасы» акциясы аясында көмек беру басталды
«Ел тірегі – Елбасы» акциясы аясында көмек беру басталды

Елбасының көшбасшылығы мен даналығының арқасында халықтың ауызбіршілігі ажыраған емес. «Бірлік болмай – тірлік болмас» демекші, бүгінде бірлік Отанымыздың символына айналды. Қазақ халқы қай кезде болмасын бірліктің арқасында кез келген сынақты жеңе білді. Міне, бүгінде еліміз үшін осындай сындарлы сәт.

бірлік COVID-19 індеті елімізді жайлағалы халықтың тұрмыс-тіршілігі қиындай түсті. Оның үстіне карантиндік шектеу шаралар жағдайды ауырлатып, елде жұмыссыздық, дағдарыс, қымбатшылық белең алуда.  Ал оның зардабын қарапайым адамдар тартып жатыр. Осындай қиын сәтте ел-жұртқа көмек қолын созған «Халық» қайырымдылық қоры тағы да азаматтық ұстанымын көрсетті.

 «Халық» қайырымдылық қоры осы жолы «Ел тірегі – Елбасы» деген акциясын бастады. Мұндағы басты мақсат – тұрмысы төмен, күн көрісі қиын отбасыларға, көпбалалы жанұяларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек беру.

бірлік Алғашқы күндерден-ақ қор 15500-ден астам азық-түлік себетін жинады. Әр себеттің салмағы 50 келіден асады. Оған қоса, Кеңес Рақышев, Қайрат Боранбаев, Диас Сүлейменов, Данияр Абылғазин сынды кәсіпкерлер мен «Қазақмыс» корпорациясы, Eurasian Resources Group және Болат Өтемұратовтың қайырымдылық қоры 23 165 азық-түлік себетті жинақтауға үлесін қосты. Жалпы алғанда, 999 386 297 теңгеге 38 665  азық-түлік себеті дайындалды. Енді Қазақстанның 17 аймағына  жөнелтілген азық-түлік себеттері облыстық әкімдіктер ұсынған тізім бойынша таратылады. бірлік

Бір себеттің ішіне 5 келі күріш, 5 келі қарақұм, 10 келі ұн, 5 литр сұйық май, 1,6 келі бұқтырылған ет консервісі, 10 келі қант, 2 келі шәй, 2 келі кәмпит кіреді. Сонда 50,6 келі тұратын бір азық-түлік себеті 25 938 теңгеге шықты. Әр жиынтық үш қорапқа салынып, сырты «Ел тірегі – Елбасы» деген жапсырмамен қапталған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қайырымдылық қор бұл акцияны осы жылда бірнеше рет өткізбек. Наурыз айынан басталған көмектің арқасында қор 20 мыңдай отбасын азық-түлікпен қамтамассыз етті. Енді серіктестерінің көмегімен 100 мыңдай отбасын азық-түлік себетімен қамтымақ. Ал қазірдің өзінде 30 мыңдай отбасы азық-түлікпен қамтылды. бірлік