Nur Otan: СҚО-да 141 аумақтық кеңес құрылды
Nur Otan: СҚО-да 141 аумақтық кеңес құрылды
5,159
оқылды

«Nur Otan» партиясы СҚОФ Саяси кеңес Бюросының отырысында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасының бағыттарын іске асыру жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы бекітілді.

12 өңірлік кеңестің құрамына мәслихат депутаттары, партия жақтастары, белсенділер, сарапшылар, блогерлер, қоғамдық бірлестіктер мен БАҚ өкілдері кірді. Бұдан басқа, Петропавлда және облыстың 13 ауданында 141 аумақтық кеңес құрылды. Жалпы, кеңес құрамына 800-ден астам адам кіреді. Олар сайлауалды бағдарламаның Өңірлік даму, экология, аграрлық сектор, экономика және кәсіпкерлікті қолдау, Ұлт денсаулығы, білім және ғылым, жұмыспен қамту және әлеуметтік осал топтарды қолдау, мәдениет, отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері, жастарды қолдау бағыттары бойынша іске асырылуын бақылаумен айналысатын болады. СҚО «Nur Otan» партиясы өңірлік филиалының төрағасы, СҚО әкімі Құмар Ақсақалов атап өткендей, кеңестердің жұмысы қоғамдық пікірді ескере отырып, сондай-ақ қоғамдық қабылдау бөлмелеріне азаматтардың өтініштерін талдауды ескере отырып, ашық форматта құрылған. Бұл ретте кеңестер өткір әлеуметтік мәселелер мен кез келген азаматтық бастамаларды жария талқылау үшін ашық. «Жыл соңына қарай Мемлекеттік органдардың басшылары сайлауалды бағдарламаны іске асыру туралы тыңдалады. Сондықтан барлық кеңестер жыл бойы бұл мәселені қатаң бақылауы керек. Бізде 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар бар, оның аясында сүт фермалары, бордақылау алаңдары, құс фабрикалары болады, елді мекендерде мектептер, медициналық объектілер қайта құрылады, кентішілік жолдар мен су желілерін жөндеу жалғасады. 5 жыл ішінде 2 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй салынады, көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасады. Өңірде Nazarbayev University қағидаты бойынша жұмыс істейтін жаңа жоғары оқу орны, 3 мың орындық үлкен спорт кешені салынады. Кеңес мүшелерінің жұмысы көп, сондықтан тиісті бақылауды қамтамасыз ету қажет», – деді Құмар Ақсақалов. Бюро отырысында партияның аймақтық және аумақтық филиалдарының есеп беру – сайлау конференцияларын өткізу кестесі бекітілді. Облыстық конференция 13 мамырда, аумақтық конференциялар 23-30 сәуір аралығында өтеді.