Бес облыста синтетикалық есірткі өндіретін зертхана ашқан қылмыстық топ ұсталды
Бес облыста синтетикалық есірткі өндіретін зертхана ашқан қылмыстық топ ұсталды
112
оқылды
Қарағанды облысының Полиция департаменті мен ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері Қазақстанның бес облысында синтетикалық есірткі өндіретін зертхана ашқан оннан астам адамды ұстады, деп хабарлады sputnik.kz. Полицейлердің мәліметінше, қылмыстық топтың басшылары шет елде жүр. Алайда бұл оларға Қазақстанның түрлі облысында заңсыз бизнесті жолға қоюға еш кедергі келтірмеген.
"Бұл зертханалардың ұйымдастырушылары Қазақстаннан тыс жерде жүріп, Қазақстан, Ресей, ТМД мен алыс шет елдердің аумағында психотропты заттарды дайындаумен, сақтаумен, тасымалдаумен және сатумен айналысатын трансұлттық ұйымдасқан топ құрды. Сондай-ақ, мессенджерлер арқылы Қазақстан аумағында жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшесін басқарумен және үйлестірумен айналысқан", –  деп мәлімдеді Қарағанды облысы Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.
https://youtu.be/Z60gN7PS88E