Қарағандыда 274 киік мүйізі мен қаруы бар үш адам ұсталды
Қарағандыда 274 киік мүйізі мен қаруы бар үш адам ұсталды
240
оқылды
Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында көлігінде 274 киік мүйізі мен түрлі маркалы қаруы бар үш ер адам құрықталды. Ұсталғандар жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қарағанды облысы Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері 15 сәуір күні Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы кенттерінің бірінде 34 жастағы ер адамның басқаруындағы автокөлікті ұстаған.
«Аталған көлік салонында Жаңаарқа ауданының 34 жастағы тұрғыны және Қарағанды қаласының 28 жастағы екі тұрғыны болған. Тексеру және тергеу амалдары кезінде полицейлер ұсталғандардан 274 киік мүйізі мен түрлі маркалы қару тәркіледі», – деді облыстық ПД бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.
Ұсталғандар қамауға алынды.