Суға ағып бара жатқан әкесі мен қызы видеоға түсіп қалды
Суға ағып бара жатқан әкесі мен қызы видеоға түсіп қалды
185
оқылды
Instagram-дағы kokshetauasia парақшасында ер адам мен кішкентай қызды судың қатты ағысы қалай алып кеткені түсірілген видео жарияланды. Куәгерлердің жазуынша, ер адам сарқыраманың жанында қызымен суретке түскісі келген. Оқиға Ақмола облысы Зеренді ауданындағы Үлгілі сарқырамасында болған. Ер адам қызымен бірге суға түсіп,  қауіпті жерде суретке түскісі келді. Кадрдан әкесі тасты ұстап қалғанын байқауға болады. Куәгерлердің жазуынша, бақытына орай, бәрі жақсы аяқталған. Зеренді ауданы әкімдігі 2015 жылы туған қыз аудандық ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.
"Сағат 16.45-те Зеренді аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне денесінде аздап көгерген жерлері бар алты жасар бала түсті. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді, содан кейін үйіне жіберді. Басқа зардап шеккендер жоқ", – деп атап өтті ведомстводан.