Англия ұлттық денсаулық сақтау қызметінің (NHS) мамандары парацетамолдың дозасын артық қабылдаудың қандай кері әсері болатынын айтты. Бұл туралы Aikyn.kz Express сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Олардың айтуынша, шамадан тыс қабылданған препараттың аз ғана дозасы жағымсыз реакциялар тудыруы мүмкін.Сондай-ақ препаратты артық ішкеннен ұйқышылдық, сарғаю болып, іштің оң жақ жоғары бөлігі ауыруы мүмкін. Денсаулық сақтау органы өкілдері парацетамолды жапсырмадағы немесе қаптамасындағы нұсқаулыққа сәйкес қабылдауға кеңес берді."Жиі кездесетін симптом – жүрек айнуы. Бұл гепатотоксиндік дозаны қабылдағаннан кейін бірнеше сағат ішінде пайда болады. Бұл бауырдың зақымдалуына әкелуі мүмкін" делінген хабарламада.