Англияда әйел үш аптада екі рет жүкті болып, егіз туды
Англияда әйел үш аптада екі рет жүкті болып, егіз туды
155
оқылды

30 жастағы Габриелла Кристмас өзінің егіз көтеріп жүргенін білмеген. Жүктіліктің бесінші аптасында дәрігерлер ультрадыбыстық зерттеу кезінде ұрықтың жанында кішкене көлеңке барын байқаған. Бірақ сол кезде оның не екенін таппаған. Жеті аптадан соң қайта тексергенде, жатырда ұрықтың барын білді.

Дәрігерлердің айтуынша, Габриеллада әйелдердің 0,3 пайызында сирек кездесетін аномалия-суперфетация, яғни егіз жүктілік болған. Негізі егіздер 2018 жылдың шілде айында кесар тілігі арқылы дүниеге келген. Үлкен ағасы Эдуардо – 2,8 келі, ал кішісі Эзра 1,98 келі еді. Қызығы, екінші нәресте уақытынан бұрын туыпты. Бірақ, соған қарамастан дені сау кішкентай дүниеге келді. 

«Сәбилердің бойы әртүрлі болғандықтан киім де әртүрлі өлшеммен алынады. Сондықтан да көпшілігі олардың егіз екеніне сенбейді.  Иә, бір уақытта екі жүктілік болды, бірақ олардың ата-анасы бір. Сонымен бірге олар бір күнде дүниеге келгендіктен, балаларым - егіз», - деді Габриелла Кристмас.