Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы елшісі тағайындалды
Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы елшісі тағайындалды
191
оқылды

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Рәпіл Сейітханұлы Жошыбаев 1963 жылы 22 тамызда Жамбыл облысында дүниеге келген. Қырғыз мемлекеттік университетін, Санкт-Петербург экономика және қаржы университетін бітірген. Экономика ғылымдарының докторы. Дипломатиялық қызметті 1993 жылы ҚР СІМ Халықаралық экономикалық қатынастар басқармасының үшінші хатшысы ретінде бастады. Қазақстанның Литвадағы елшілігінде жұмыс істеді. Қазақстан Президент Протоколы басшысының орынбасары, Президент Әкімшілігінің Конфессияаралық қатынастар жөніндегі бөлімінің меңгерушісі болды. 2004-2007 жылдары сыртқы істер министрінің орынбасары болды. Сондай-ақ ҚР СІМ жауапты хатшысы, ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, EXPO–2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары лауазымдарын атқарды.

2018-2019 жылдары «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ басқарды.