Қасым Қайсенов кентінің №9 бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті. Жиында БПҰ-ның 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары сараланып, алға қойған міндеттері анықталды.
Бастауыш партия ұйымының жиналысы "Nur Otan" партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламасы аясында атқарылатын шараларды талқылауға арналды.
«Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін шағын және орта бизнес, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік нысандары мен түрлерін кеңейту арқылы инфрақұрылымды дамытуға, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау бойынша жұмыстарға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл "Бақытты отбасы", "Халыққа көмек", "Құтты мекен", "Кедергісіз келешек", "Ардагерлерді ардақтайық", "Жастар Отанға" сияқты партиялық жобалардың іске асырылуы»,- дейді ұйым жетекшісі Марғұлан Болатұлы.
Сондай - ақ алдағы уақытта ұйым жұмысын күшейту мақсатында жергілікті қоғамдастық отырыстары, аудандық мәслихат депутаттарымен кездесулер өткізіледі.