Ер адам өзінің әйелін пышақтап өлтірді
Ер адам өзінің әйелін пышақтап өлтірді
102
оқылды
Оралда ер адам өзінің әйелін пышақтап өлтірген. Оқиға бүгін Орда көшесінде болды, деп хабаралайды inform.kz. «1991 жылғы ер адам әйелін пышақтаған. Күдікті шамамен сағат 17.00-де Абай даңғылы бойындағы жабық мұз айдыны сарайы тұсында ұсталды. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде. Қосымша ақпарат кейін берілетін болады», – деді Полиция департаментінің ресми өкілі Б.Белгібеков. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, Орда көшесі, 1/1 мекенжайына жедел жәрдем сағат 16.46-да шақырылған. Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына жеткенше, зардап шеккен әйелді ауруханаға алып кеткен. Полиция қызметкерлері 30 жастағы әйелді қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізген. Бірнеше мәрте пышақ сұғылған ол ауруханада көз жұмды.