Ер адам әйелін өлтіріп, кейін өз-өзіне қол салған
Ер адам әйелін өлтіріп, кейін өз-өзіне қол салған
315
оқылды

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Тоғызқұдық ауылында 35 жастағы әйел күйеуінің қолынан қаза тап­ты. Күдікті ал­­ды­­­мен әйелі хабар-ошарсыз кеткенін айтып, по­­­­лицияға хабар­ла­ған. Кейін өз-өзіне қол жұм­­­саған.

35 жастағы Бота Балби күйеуі, үш баласы және күйеуінің ата-анасымен бірге Тоғызқұдық ауылында тұрған. Мектепте асхана жұмысына жауап беріп, қоғамдық жұмыстарды ат­қарған. Туыстарының айтуынша, жұбайымен ара-қатынасы жақсы болмаған. Былтыр ақпанда әпкесіне қоңырау шалып, күйеуі мен қайын енесі ұрғанын айтып, өзін алып кетуді сұраған. «Балалары үшін ол күйеуін ке­шірді. 22 қыркүйекте Бота ауылға үй шаруашылығына көмектесу үшін барды. Өйткені оған қайын енесі ауырып жатып қалғанын айтты. Бірақ ол Теміртауға оралатынын айтып кеткен еді. Кіші қызын да әкелмек болған», – дейді мар­құмның әпкесі Сайран Балби. Бірақ келесі күні таңертең де, содан кейін де Бота үйіне қайтып бармаған. Оның орнына күйеуі келіп, туыстарына әйелі жоғалып кеткенін айтқан. Сай­ран­ның айтуынша, ер адам өзін біртүрлі ұстаған. «Күйеуі де, оның ата-анасы да Ботаны іздеген жоқ. Олар тіпті оның телефонына қоңырау шалмады. Полицияға арызды біз бердік. Ол тек 24 қыркүйекте тіркелді. Бірақ осыдан кейін де ешкім оны іздеумен айналыспады. Қыз­­­меткерлер тіпті оның үйін мұқият тексерген де жоқ», – дейді Сайран. Қарашада іздеу ісі «Кісі өлтіру» бабы бойынша қайта сараланған. Ал 15 желтоқсанда марқұмның күйеуі кісі өлтіргенін мойындаған. Ер адам кінәсін мойындағанына қара­мастан, мәйіт тек 17 сәуірде та­былған. Марқұмның туыс­тарының айтуынша, сол күні олар барлық туысы, досы мен танысын іздеу жұмыстарына тартқан. Мәйіт То­ғызқұдық ауылы маңындағы тасжол бойындағы кішкене шұңқырдан табылған. Қарағанды облысы По­лиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері бұл жағдайға қатысты түсінік берді. Ведомство 24 қыр­күйекте Бұқар Жырау полиция бөліміне әйелдің жоғалғаны туралы арыз түскенін, ал оның мәйіті 17 сәуірде табылғанын растады. Ведомство мәліметі бойынша, полиция қызметкерлері еріктілер, ТЖД өкілдері және әскери қызметкерлермен бірге марқұмды іздеуге бар күшін салған. «Оны іздеу үшін тікұшақ жұмылған. Марқұмның туыстары жүргізіліп жатқан іздестіру шаралары туралы хабардар болды», – деді департамент өкілі. «Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 99-бабы «Кісі өлтіру» бабына қайта сараланды. Полиция қызметкерлері оқи­­ғаның үш нұсқасын бірден қарады: жоғалу, қыл­­мыстың құрбаны болды және оны жұбайы өлтірді деген нұсқа. Тергеу бары­сында жұбайынан куәгер ретінде жауап алынды. 15 желтоқсанда жауап алу кезінде ол әйелін өлтіргенін мойындады. Бірақ қызметкерлерде оны қа­­­мауға алуға нақты негіз және дәлел болған жоқ. Оның сөздерін растайтын мәйіт те, куәгерлер де болған жоқ. Сондықтан ол босатылды. Ал 16 желтоқсанда ол өз-өзіне қол жұмсады. Бұл факті бойынша «Өзіне-өзі қол жұм­сауға жеткізу» бабымен қылмыстық іс қоз­­ғалды», – деді ведомство өкілдері.

Айша ЕРСҰЛТАН