Әкімдіктің бұрынғы қызметкері әйелін пышақтап өлтірді: Оқиғаға қатысты тың мәліметтер шықты
Әкімдіктің бұрынғы қызметкері әйелін пышақтап өлтірді: Оқиғаға қатысты тың мәліметтер шықты
105
оқылды
Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті  әйелін өлтіргені үшін ұсталған ер адам бұрын да құқық қорғау органдарының назарына іліккенін хабарлады.  Күдікті Оралдағы ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бұрынғы қызметкері Бауыржан Хайруллин болып шықты. "19 сәуірде  16:30-да  Урдинский көшесінде әйел адамды ұрып-соғып жатқаны туралы куәгерлерден хабар түсті. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 20 минуттан соң күдіктіні ұстады. 30 жастағы ер адам ЖШС-ға кіре берісте 1991 жылғы әйелге пышақ салған. Әйел алған жарақатынан ауруханада қайтыс болды. Алдын ала болжам бойынша қылмысқа қызғаныш себеп болған", - делінген хабарламада. Әйелдің есімі – Айнагүл Хайруллина екен. Полиция қызметкерлері оның бұдан бұрын да күйеуіне шағым түсіргенін хабарлады.
"27 қаңтарда әйел бұрынғы күйеуі өзін өлтіремін деп қорқытқанын айтып, шағымданған. Кейін ол арызын қайтарып алды", - деді БҚО ПД ресми өкілі Болатбек Белгібеков.
Айнагүл Хайруллина жекеменшік кәсіпорында жұмыс істеген. Әріптестері оның жақсы адам болғанын айтады.  Күдікті әйелімен ажырасып кетсе де, оны аңдуын қоймаған.
"Айнагүл екі баланы өзі тәрбиелеген. Өте мейірімді, тіл тапқыш болатын", - дейді әріптестері.
Қазір күдіктіге қатысты ҚР ҚК  "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам әйеліне 18 рет пышақ салған. https://www.youtube.com/watch?v=ZYg7f2iYxj0