Ақтөбе облысында 12 қоғамдық кеңес құрылды
Ақтөбе облысында 12 қоғамдық кеңес құрылды
128
оқылды

«Nur Otan» партиясы Ақтөбе облыстық филиа­лының Саяси кеңесі бюро­сының отырысында өңірлік қоғамдық кеңестердің төра­ғалары мен құрамы бекі­тілді. Облыс әкімі Оңдасын Оразалинның төрағалы­ғымен өткен отырыста об­лыстық партия филиалының облыс көлемінде атқарып жатқан жұмыстары баян­далды.

Айта кету керек, қоғамдық кеңестер электоралдық міндет­те­мелердің орындалуына жүйелі бақылауды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ олар мемлекеттік ор­гандардың азаматтардың өті­нішіне тиянақты қарап, сапалы жұмыс істеуіне, бюджет қаража­тын жұмсаудың тиімділігіне мониторинг жүргізеді. Өз кезегінде Оңдасын Ора­залин құрылған кеңестердің алдында сарапшылар қауым­дас­тығын өзекті әлеуметтік мәсе­лелерді ашық талқылауға тарту, сондай-ақ азаматтық баста­маларға қолдау көрсету міндеті тұрғанын жеткізді. – Елбасы, партия Көшбас­шысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша, ел Пре­зи­денті Қасым-Жомарт Тоқаев­тың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында партияның қоғамдық кеңестерінің жұмысы жүйелі түрде қайта құрылды. Яғни, енді облыс бойынша 12 өңірлік қоғамдық кеңес жұмыс істейді. Бұл кеңестер азаматтық қоғамның белсенді бөлігіне өзекті тақырыптарды талқылау үшін сарапшылық және диалог алаңын ұсынуға, толыққанды пікір алмасуды қамтамасыз етуге және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құралына айналуға тиіс. Кеңес құрамы жаңартылып, өңірімізде түрлі саяси-қоғамдық, әлеуметтік жұмыстарға белсене атсалысып, үн қосып жүрген жастарға басымдық берілуі тиіс, – деді облыс әкімі. Отырыста «Nur Otan» пар­тиясы Ақтөбе облыстық фи­лиалы төрағасының бірінші орынбасары Ербол Данағұлов аталған жұмыстар Ақтөбе қа­ласында және аудандарда қолға алынғанын айтты. Алдағы уа­қытта Ақтөбе қаласында – 10, ал аудандарда 9 кеңес жұмыс іс­тейді. Бұдан кейін жиында партия ұйымдарының есеп беру-сайлау жиналыстары және өңірлік, аумақтық партия филиалда­рының есеп беру-сайлау кон­ференцияларын өткізу кестелері бекітілді. Партияның облыстық филиалының кезекті есеп беру-сайлау конференциясын шақыру туралы мәселелер де қаралды. Атап айтсақ, биыл бастауыш партия ұйымдарының жиналысы 19-23 сәуір, ал аумақтық филиал­дар мен облыстық филиалдың конференциялары 26 сәуір-15 мамыр аралығында өтеді деп жоспарланды. Отырыс соңында облыс әкімі бюро мүшелеріне партияның сайлауалды бағдарламасында көтерілген барлық мәселенің уа­қытылы әрі сапалы орын­далуын бақылауда ұстауды тапсырды.

Әбілмансұр ЖАСАН