«63 жасқа дейін жұмыс істеу қиын» – Смайылов зейнет жасын төмендетуді ұсынды
«63 жасқа дейін жұмыс істеу қиын» – Смайылов зейнет жасын төмендетуді ұсынды
213
оқылды

Депутат Ерлан Смайыловтың айтуынша, бүгінде мемлекет тарапынан мүгедектердің құқығы мен мүддесі қорғалса да, жұмыс істейтіндерінің зейнет жасын төмендету мәселесі әлі де өзекті боп тұр.

«Мүгедектерді жұмыспен қамту, оларға жағдай жасау өте маңызды. Олардың жасы ұлғайған сайын ауру да күшейеді. Сондықтан 63 жасқа дейін жұмыс істеу қиын. Алатын жәрдемақысы мардымсыз. Сондықтан зейнетақыны көбірек алу үшін зейнетке шыққанға дейін жұмыс істеуге мәжбүр», – деді Ерлан Смайылов.

Оның айтуынша, мүгедектердің денсаулығына қарай, оларды ертерек зейнетке шығару керек. Бүгінде Қазақстанда ересек мүгедектердің жалпы саны – 600,4 мың адам. Олардың 15 пайызы, яғни, 85,5 мың адам (51 744-і – ерлер, 33 750-і – әйелдер) жұмыс істейді.

Бұған дейін мүгедек екенін мойындата алмай жүрген ауыл тұрғыны туралы жазған болатынбыз.