Суперлига турнирі құрыла ма?
Суперлига турнирі құрыла ма?
202
оқылды
Жақында Еуропаның 12 жетекші командасы бірлесіп, жаңа турнир - Суперлига құрмақ болды. Алайда, УЕФА мен 6 лиганың федерациясы  Суперлигаға қатысуға келіскен клубтардың ұлттық, еуропалық немесе жаһандық деңгейдегі басқа жарысқа қатысуына тыйым салатынын мәлімдеген болатын. Енді Еуропа Суперлиганың тоқтатылатынын мәлімдеді. Екпінді басталған Суперлиганың тоқырауына басты себеп англиялық клубтардың турнирден бас тартуы  болып отыр. Сонымен қатар ФИФА мен УЕФА осы турнирді құрушылардың бірі Флорентино Переске қатысты  жаза қолданбақ. Егер ол қызметінен кетпесе, онда корольдік клуб жарыстардан шеттетілуі мүмкін.