Теңге тағы да құнсызданды
Теңге тағы да құнсызданды
110
оқылды

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.

Доллар бағамы кешегі күнмен салыстырғанда 0,22 теңгеге өскен. АҚШ долларының орташа бағамы 432,26 теңге болды. Ұлттық банктің хабарлауынша, бүгін 1 доллардың теңгеге шаққандағы құны – 432,01 теңге. Kurs.kz-тің мәліметінше, Алматыда доллар 433,36 теңгеден сатылса, сатып алу – 431,82 теңге.

Ал Нұр-Сұлтанда доллар 432,76 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу құны – 431,66 теңге.