Павлодарда жүргізуші дүңгіршекті қағып кетті. Абырой болғанда, сатушы мен басқа да адамдар зардап шеккен жоқ деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 13.00-де Қамзин көшесімен келе жатқан «Тойота» маркалы автокөлігінің дөңгелегі жарылып кеткен.
"Жүргізуші рөлге ие бола алмай қалып, дүңгіршекке барып соғылған", - дейді департаменттегілер.
Аталған факті бойынша жүргізуші ҚР ӘҚБК 610-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылды.
Сараптама қорытындысы жүргізушінің сау болғанын көрсетті.