Атырауда 11 жолаушысы бар автобус аударылып қалды
Атырауда 11 жолаушысы бар автобус аударылып қалды
166
оқылды
Атырауда жол апатынан 8 адам зардап шекті, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Әлеуметтік желіде Жылыой ауданындағы «Теңіз-Құлсары» жолында «ПАЗ» автобусы мен «КамАЗ» көлігінің соқтығысқаны туралы видео тарады. Алдын-ала мәліметке сәйкес, «КамАЗ» көлігі қарсы жолаққа шыққан.  11 жолаушысы бар автобус аударылып қалған.
«Жол-көлік апатынан 8 адам зардап шекті. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді. Автобустың жүргізушісі ауруханада жатыр. Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 1-бөлігімен тергеу жүргізілуде», - делінген хабарламада.